Блогыңызға Бөлісу батырмасын орнату.

Көптеген үзілістен кейін Блогыма мақала жазуды жөн көрдім. Мақала болғанда, Бейнебаян түрінде болмақ. Розатайдың Елімнің елтаңбасын аяққа таптатпаймын! атты мақаласын оқып отырып, мақаланың ойы, мағынасы қатты ұнағаны соншалық өзімнің достарыммен бөліспек ойда болған еді. Бірақ бөлісу батырмасы жоқ болып шықты. Байқап қарасам көп қолданушыларда бөлісу батырмасы болмағандықтан, оны қалай орнату жөнінде Видео түсіріп жарияламақ болдым. Сонымен бөлісіп отқан жайым бар.

Сіздерге mail.ru батырмасын қосуда керек болатын кодтар.

http://connect.mail.ru/share?url=%post_url%

http://img1.imgsmail.ru/r/button_micro.gif

Егер мақала ұнаса, Бөлісу батырмасы сізге жұмыс істеуге әзір! )))))

Құжаттарды іздеу машинасы…

сұрақ-жауап
Бүгін мен құжаттарды іздеу машинасы Searchuu.com туралы жазбамды жазып отырмын. Сайт қателеспесем GoogleAjax мүмкіншілін қолданып Гуглдың серверінен іздеу жүргізеді. Сіз айтуыңыз мүмін Гугл барда бізге бұл сайттың не керегі бар деп! Сайттың артықшылығы сізге интернетте кездескен сөзді емес, сізге құжат түріндегі ақпарат көзін тілкелей жүктеп алуға мүмкіндік береді. Яғни сіз Қазақстан тарихы деп іздеуге жіберсеңіз, сізге Қазақстан тарихы туралы құжатты шығарып береді.
Ол құжат PDF |DOC |TXT |PPT |XLS -түрінде болуы мүмкін. Егер сізге тек Word яғни DOC түрінде құжаттарды ізлдеу қажет болса, онда сіз DOC дегеннің үстіне бір рет шертіп, іздеу керек құжаттың атын бересіз. Тисінше сізге тек құжат ақпаратты ғана ұсынады. Мен Гуглдың өзінен іздей беремін, арнайы шарт сөздерді қолданып, кілттік сөздер арқылы болсын қажетті құжатты тауып алармын. Ал қарапайым қолданушыға таптырмайтын сайт болып саналады.

p.s. GoogleAjax туралы біраз ақпарат оқыған кезде осындай сайтты істемек ойымда бар еді, менен бұрын жасап қойған екен. )))

Punto Switcher және CCleaner бағдарламасына қысқаша шолу.

Өзім күнделікті қолданатын бағдарламамен таныстырып өтсем деп едім. Сұрақ-Жауап және Керекинфо сайтының қолданушылары қолданатын бағдарлама болуы да мүмкін, егер осы бағдарламалар туралы білмейтін кісілер болса, сол кісілерге өте пайдалы бағдарлама екенін таныстыру видеосын түсірген жайым бар еді.
Бұл бағдарламаларды мына жерден жүктеп ала-алсыздар.
1) punto.yandex.ru/
2) www.piriform.com/ccleaner/download/standard

Вирус жас баланың тілімен!

Жақында универге шығып, газель автокөлігнің ішіне асығып отырған едім. Алдымда екі жас інім әңгіме айтып отыр екен. Түрлеріне қарасам 4-5 сынып оқитын оқушылар екен. Айтып жатқан әңгімелері маған қатты қызық болды. Себебі менің мамандығыма қатысты әңгіме-дүкен құрып отыр. Сондағы айтып жатқандары: Read more of this post

Алғашқы жазбамды электронды поштаға арнадым))

Сұрақ-Жауап сайтында бір қарындасым э-поштаны қалай бұзып кіреді деп сауал сойған еді. Соған өз өмірден көрген-түйгеніммен жазған едім. Оқып көріңіз осы мақала сіздің поштаңызды бұзып кетпеуіне кішкене болса да септігі тиер.

Алдымен қалай поштаңызды бұза алатын жолдар. Мен қолданып көрген жолдар. Түрлі жолдары көп. Мүнымен шектелмеген. Бастадым: )) Read more of this post