Құжаттарды іздеу машинасы…

сұрақ-жауап
Бүгін мен құжаттарды іздеу машинасы Searchuu.com туралы жазбамды жазып отырмын. Сайт қателеспесем GoogleAjax мүмкіншілін қолданып Гуглдың серверінен іздеу жүргізеді. Сіз айтуыңыз мүмін Гугл барда бізге бұл сайттың не керегі бар деп! Сайттың артықшылығы сізге интернетте кездескен сөзді емес, сізге құжат түріндегі ақпарат көзін тілкелей жүктеп алуға мүмкіндік береді. Яғни сіз Қазақстан тарихы деп іздеуге жіберсеңіз, сізге Қазақстан тарихы туралы құжатты шығарып береді.
Ол құжат PDF |DOC |TXT |PPT |XLS -түрінде болуы мүмкін. Егер сізге тек Word яғни DOC түрінде құжаттарды ізлдеу қажет болса, онда сіз DOC дегеннің үстіне бір рет шертіп, іздеу керек құжаттың атын бересіз. Тисінше сізге тек құжат ақпаратты ғана ұсынады. Мен Гуглдың өзінен іздей беремін, арнайы шарт сөздерді қолданып, кілттік сөздер арқылы болсын қажетті құжатты тауып алармын. Ал қарапайым қолданушыға таптырмайтын сайт болып саналады.

p.s. GoogleAjax туралы біраз ақпарат оқыған кезде осындай сайтты істемек ойымда бар еді, менен бұрын жасап қойған екен. )))

Туралы Сұрақ-Жауап
www.szh.kz

4 Responses to Құжаттарды іздеу машинасы…

  1. Ооо, қажет мәлімет екен. Бұл жайында бұрын соңды білмеп едім. Рахмет көп-көп! Айтпақшы, жеке айтамын деп ұмытып кетіппін, презентцияны өте жақсы қорғадың! ЖАРАЙСЫҢ!!!!!

    • Үлкен рахмет! ))) Жақын арада тағы да құнды дүниелермен қуантамыз деп отырмыз. Сәтін салса жақын арада іске қосылады. Блогымызға келіп тұрыңыз, Блогкемп-тен кейін жақсы әсер алып қайттық. Енді блогымды жиі жаңартып тұратын боламын!

  2. Жиі келіп тұрамын ғой, Құдай қаласа, дегенмен сізде жаңалықтарыңызбен үнемі бөлісіп тұруды да ұмытпаңыз!!!

  3. Секрет says:

    Бұл ақымақтық қой нағыз!!! Өзімнің сүйікті гуглымда бәрі бар! Анау сайтыңның дымға да қажеті жоқ гугл тұрғанда. Мысалы гуглға «Қазақстан тарихы» деп жазып жанына «filetype:doc» деп жазсаң doc форматындағы файылдарды тікелей жүктеуге ссылкаларымен шығады. Яғни ворд документтері шығады. Одан да басқа PDF деген сияқты кез келген форматта табуға болады! Ал сенің анау сайтың дымға да керегі жоқ!
    http://www.google.kz/search?q=%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD+%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B+filetype%3Adoc&hl=ru&biw=1024&bih=604&num=10&lr=&ft=i&cr=&safe=images

Пікір қалдыру